Спортивный магазин Limpopo-Outdoor
/ Новости мира
12 января 2016 года, 10:45 3393 Айым Касембаева

Елімізде Украина тауарлары қымбаттамақ

Украиналық тауарлардың бағасы қымбататуы мүмкін. Ресей өз территориясы арқылы Украинадан Қазақстанға тікелей жүк тасымалдауға тыйым салды
Мир. - Елімізде Украина тауарлары қымбаттамақ
Источник: © Алдасан Фото: © kapital.kz
Ал, транзиттік жол ұзарған сайын кәсіпкерлердің шығыны артып, сәйкесінше өнімнің құны көтеріледі.

Ресми Мәскеу мұндай шектеуді Киев Еуроодақпен еркін сауда-саттық жүргізу туралы келісімге қол қойған соң енгізіп отыр. Яғни, енді Украинадан келетін ауыл шаруашылығы өнімдері, шикізат, азық-түлік және өзге де тауарлар бұрынғыдай Ресей арқылы тікелей Қазақстанға экспортталмайды. Украинадан шыққан жүк көлігі алдымен Беларусқа келеді, кейін Ресейдің алдын ала белгіленген 8 өткізу пунктінде тексеруден өтіп, Қазақстанға жөнелтіледі.

Ал, Украина тауарларын тек Қостанай облысындағы «Қайрақ», батыстағы «Сырым» мен «Жайық» пунктері арқылы қабылданады. Сондай-ақ, әрбір жүк көлігін ресейлік кеденшілер жол бойы қарауылдап шекараға дейін шығарып салады. Сөйтіп, транзиттік жол 400 шақырымға дейін ұзармақ. Жаңа талап күшіне енгелі елімізге Украинадан тауар экспортталмапты. Әзірге жүк көліктері жолда тұр.

Авторы Сәкен Ерасыл



Подписывайтесь на группу «Устинки Live» Вконтакте, чтобы первыми узнавать о главных новостях и важнейших событиях дня.

Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.

Новости по теме

наверх