Усть-Каменогорск
малооблачно
-13°
  • Усть-Каменогорск
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -3°
  • Кокшетау
    -9°
  • Костанай
    -7°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Бала бақыты 10 мың теңгеге өскен

Мынау қымбатшылық жығылғанға жұдырық болып тигендей, қымбатшылық құрығы балабақшаға да келіп жетті

Новости мира / Бала бақыты 10 мың теңгеге өскен
Фото:
kukuzya.ru
Таразда мектепке дейінгі мекемеге баласын берген ата-аналар жаңа бағаға наразылық танытып жатыр. Бұған дейін тұрғындар 5700 теңге төлеп келсе, ендігі жерде бұл сома екі есеге бір-ақ өспек деп өкпелі. Жыл басындағы бұл жайсыз хабар қалалық газетте жария етілген. Таразда балабақша құны ата-аналардың қалтасын қағайын деп тұр. 2012 жылдан бері әр балаға 5700 теңге болған бақша бұдан былай 10 мың теңге болмақ. Қала әкімінің қаулысы балабақша алдындағы хабарландыру тақтайшасында да ілінген.

Белгілі болғандай балабақша құнын 10 мың теңгеге көтеру мәселесі әлі білім бөлімінің ұсынысы ретінде қаралуда. Ал қала әкімінің қаулысы әділет органдарында тіркелгеннен кейін күшіне енеді. Сондықтан білім бөлімінің басшылығы бұқараның бұлайша бұлдануына негіз жоқ дейді. Оның үстіне Тараз қаласындағы бөбектер үйінің құны онсыз да өзге облыстардан арзан дегенді айтып мақтанады.

Авторы Сәкен Ерасыл

Следующая →