Оқушылар сенбі күні оқымайтын болды
Министрлікке ата-аналар тарапынан сабақ күндерін қысқарту туралы түскен өтініштер соңғы уақытта жиілеп кеткен
Фото:
kapital.kz
Алдағы уақытта мемлекетімізде орта білім алу бір күнге қысқартылмақ.
Сонымен Қазақстан Ұлттық білім академиясының сараптама жұмысы балалар үшін сенбі күнін ресми демалыс ретінде жариялайтын болса онда оқушылар алдағы уақытта аптасына бес күн ғана оқуы мүмкін.
Министрлікке ата-аналар тарапынан сабақ күндерін қысқарту туралы түскен өтініштер соңғы уақытта жиілеп кеткен. Мамандар зерттеу жүргізіп, оқушылардың сабақ кестесі мен жоспарын, басқа да ауыртпалықтарын тексеру үстінде. Нәтижесін жақын күндері білім министрлігіне ұсынамыз деп отыр. Айта кетерлігі, сабақты бес күнге қысқарту мәселесі тек бастауыш сыныптың оқушыларына ғана емес, жоғары сыныптарға да қатысты болуы мүмкін. Ал білім министрлігі бұл мәселе туралы әзірге ешқандай мәлімет таратқан жоқ.
Автор: Сәкен Ерасыл
Следующая →