Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ұшақта теңдеу шешіп отырған профессорды көршісі террорист деп ойлаған

АҚШ-та террорист болуы мүмкін деген күдікпен дифференциалды теңдеу шешіп отырған профессорды ұшақтан күштеп шығарды

Новости мира / Ұшақта теңдеу шешіп отырған профессорды көршісі террорист деп ойлаған
Фото:
cv01.twirpx.n

Пенсильвания университетінің экономика профессоры Гидо Менцио Канададағы Куинс университетіне ұшуы тиіс болатын. Қасында отырған әйел профессордың қойын дәптеріне белгісіз жазбалар жазып отырғанын көріп, төбе шашы тік тұрған, деп хабарлайды «24.kz телеарнасының сайты».

 Іле стюардессаны шақыртып, қасындағы көршісінің террорист болуы мүмкін екендігін айтқан. Бұдан кейін рейс кейінге қалдырылып, Менционы тергеу үшін тәртіп сақшылары ұшақтан алып шыққан. Профессор қойын дәптерін көрсетіп, теңдеу шешіп отырғанын айтып ақталған. Оқиғаның ақ-қарасы анықталғаннан кейін ұшаққа оралып, өз орнына жайғасуына рұқсат берілді.

Washington Post басылымы ұшақтың жоспарланған уақыттан 2 сағатқа кеш ұшып шыққандығын жазады. Ал профессордың көршісі бортқа қайтып оралмапты. 


Следующая →