Еurovision ән байқауының тарихынан сыр шертетін көрме ашылды
Швеция астанасы Стокгольм қаласындағы мұражайлардың бірінде байқау тарихындағы жеңімпаздар киген киімдер көрмеге қойылды
Еurovision ән байқауына биыл – 60 жыл. Осыған орай, Швеция астанасы Стокгольм қаласындағы мұражайлардың бірінде байқау тарихындағы жеңімпаздар киген киімдер көрмеге қойылды, деп хабарлайды «24.kz телеарнасының сайты».
Шараға 1974 жылы жеңіске жеткен «Абба» тобының әншісі әрі сол жылы шырқалған әннің авторы Бьор Ульвеус қатысқан. Айтуынша, Еurovision байқауында жеңіске жеткен әндер өз уақытының айнымас хиты бола алды. Ал байқауға үш рет қатысып, соның бірінде ғана жеңіске жеткен швед әншісі өткен күнді сағына еске алады.
Карола Хеггквист, Еurovision байқауының 1991 жылғы жеңімпазы:
- Мен үшін айтулы ән байқауының жеңіс тұғырынан көріну зор бақыт еді. Алғаш рет 1983 жылы 16 жасымда қатыстым. Алып ұшып тұрған кезімде өзімді анық жеңімпаз санағанмын. Алайда ол жылы бағым жанбай, арманым 1991 жылы орындалды.