/ Новости мира

Ауғанстан армиясы «Талибанды» әуеден атқылуда

Ауған әскери әуе күштері (AAF) елдің шығысындағы Нұристан провинциясын соңғы екі күннен бері атқылап жатыр
24 марта 2016 года, 14:40 2174 Айым Касембаева
Мир. - Ауғанстан армиясы «Талибанды» әуеден атқылуда
Источник: © 24.kz Фото: © hoponil.ru
Қазір бұл аймақта үкімет әскерлері мен тәліптер арасында кескілескен ұрыс жүріп, әскерилер оларды төбеден тікұшақпен шабуылдауда, деп хабарлайды «24.kz телеарнасының сайты» Khaama Press-ке сілтеме жасап. 

Нұристан губернаторы Хафиз Абдул Кайюмнің мәліметінше, шайқас кезінде 15 содыр оққа ұшқан. Бірақ, үкімет әскерлері тарапынан болған адам шығыны туралы ақпарат жоқ. 

Сондай-ақ «Талибан» мүшелері бұған қатысты түсініктеме берген жоқ. Айта кету керек, Нұристан – үкіметке қарсы қарулы топтар жиі бас көтеретін аймақтардың бірі. Бұл провинцияда шекара асып, Пәкістаннан келген «Талибан» содырлары да билікке қарсы қару көтеріп, соғысып жатыр.

Обсуждение

При размещении комментариев к публикациям, ознакомтесь пожалуйста, с правилами сайта.
Мы напоминаем вам о необходимости уважать собеседников.

Новости по теме

наверх