Усть-Каменогорск
ясно
+12°
  • Усть-Каменогорск
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +19°
  • Караганда
    +13°
  • Кокшетау
    +18°
  • Костанай
    +23°
  • Кызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

№45 мектеп «Ер намысы - 2016» жарысының жеңімпазы

«Ер намысы - 2016» жарысының жеңімпаздары атанған №45 мектептің оқушылары Надир Оразалы, Қанат Қамзанов және Мейіржан Қайсаровтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті

Новости спорта / Новости спорта Усть-Каменогорска и ВКО / №45 мектеп «Ер намысы - 2016» жарысының жеңімпазы
Фото:
Алдасан
.Естеріңізге сала кетсек, 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай облыс орталығында қалалық жалпы білім беру мектептері арасында «Ер намысы - 2016» эстафетасы ұйымдастырылды. Газетіміздің алдыңғы санында хабарлағанымыздай Өскемен қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің бастамасымен қолдау тапқан жарыс Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған болатын.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында қала мектептерінің 9-шы және 11-сынып оқушыларының қатысуымен өткен эстафетаның қорытындысы бойынша командалық есептен бас жүлдені №45 мектептің командасы еншілеген еді. Ал күміс жүлдені №1 мектептің оқушылары иеленсе, №15 мектеп командасы қола жүлдені қанжығаларына байлады. Эстафета қорытындысы бойынша жеңімпаздарға «Ер намысы - 2016» кубогі, мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды

- Жарыс эстафета түрінде өтті. Бірінші кезеңде досым Мейіржан велошабандоздар арасында бағын сынады. Ол 4 километрді жақсы уақыт айырмасымен жүріп өтіп, эстафетаны екінші кезең спортшысы Надирге табыстады. Надир кеудесін жерден 40 рет көтеріп, келесі эстафета кезегін өзім алдым. Мен басқа командалардың жеңіл атлетшілерінен басып озып, эстафета мәресіне жеттім. Осылайша командамыздың бірігіп жұмыс істеуінің арқасында, сайыста жеңіске жеттік, - деді Қанат Қамзанов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш сайыс жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын таппақ. Сондай-ақ, табысталған ауыспалы кубок келесі жылы жаңа жеңімпазға ұсынылатын болады. Жарыстың негізі де осында. Әркім кубоктың бірнеше жыл қатарынан өздерінің қолында болғандығын қалайды. Сол себепті келесі жарыстарда командалардың жеңіске деген ұмтылысы жоғары болмақ.

- Эстафетаға қаладағы 45 мектептен 135 жас спортшы қатысты. Осы жылы жарыс алғаш рет ұйымдастырылғандықтан пилотты жоба ретінде өткізілді десек те болады. Келесі жылы біраз өзгерістер енгізілуі де талқылануда. Атап айтсақ, команда қатысушыларының санын арттыруымыз мүмкін, - деді қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Атаев
Следующая →