Усть-Каменогорск
ясно
-12°
  • Усть-Каменогорск
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -3°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +8°
  • Атырау
    -2°
  • Караганда
    -4°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қаламызда әуесқойлар арасындағы рафтинг жарысы өтті

Ашық чемпионатты қалалық спорт бөлімінің қолдауымен ШҚО-дағы рафтинг федерациясы Ұландар күніне арнап ұйымдастырып отыр.

Новости спорта / Новости спорта Усть-Каменогорска и ВКО / Қаламызда әуесқойлар арасындағы рафтинг жарысы өтті
Фото:
Алдасан
- 2003 жылдан бері кәсіби рафтинг байқауларын ұйымдастыратынбыз. Соңғы 3 жылда бұл сайысты қала тұрғындарының арасында да өткізетін болдық. Жылда 17-18 команда қатысады, - деді ШҚО-дағы рафтинг федерациясы төрағасының орынбасары, Сергей Марченко.

Рафтинг – ескекті қайықпен жарысу сайысы. Пионерлер аралында әуесқой тұрғындардың арасындағы рафтинг жарысы осымен 3 рет өтті. Биылғы жарысқа 14 ерлер және 3 әйелдер командалары қатысты. Ескекпен белгіленген межеге жетіп, қайта қайтқан команда жеңіске жетеді.

- Біздің командамыз «Бәкелер» деп аталады. Интернет желісінде жарыстың өтетінін оқып, жолдастарымызбен жиналып, қатысуға бел будық. Өзіміз бұған дейін рафтингпен айналысып көрген жоқпыз. Бірақ ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жеңіс тұғырынан көрінеміз деп үміттенемін, - деді «Бәкелер» командасының қатысушысы Эльдар Мухамедқазин.

Межеге барып қайта қайту үшін әр командаға шамамен 2-3 минут қажет болды. Алайда жарыс уақытқа емес, мәреге бірінші жеткендер бойынша анықталды. Ағынға қарсы ескектерін талмай есіп, ерлер арасында жеңіске жеткен «Сатори» құрамасы болса, әйелдер арасында Риддер қаласынан келген «Бергалочки» командасы атанды.
Следующая →