Усть-Каменогорск
пасмурно
+10°
  • Усть-Каменогорск
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +4°
  • Актобе
    +14°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +18°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Әлемдік бәсекеде жүлдегер атанды

Тунисте өткен ересектер арасындағы дзюдодан әлемдік Гран-При бәсекесінде шығысқазақстандық спортшы Ерлан Серікжанов жүлдегерлер қатарынан көрінді

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Тунисте өткен әлемдік Гран-При бәсекесінде шығысқазақстандық қос бірдей дзюдошы ел құрамасы сапында өнер көрсетті.

Жарыстың алғашқы күні Үржар ауданының спортшысы Ерлан Серікжанов бірінші кездесуінде америкалық Алла Эль Идрисиді, артынша испандық Альберто Гайтероны тізе бүктірді. Ширек финалда Шығыс өңірінің спортшысы Чехия елінен келген Павла Петриковтен, ал қола медаль үшін өткен белдесуінде ресейлік Иса Исаевтан айласын асырды. Осылайша, Ерлан Серікжанов жүлделі 3-орыннан көрініп, 350 ұпай иеленді.

Тағы бір шығысқазақстандық дзюдошы Жасұлан Мұхаметжанов алғашқы беледсуінде-ақ, күн шығыс елінің өкілі Йомике Киреге есе жіберді.

Айта кетейік, аталмыш жарыста жүлде алған спортшыларға қосымша рейтингтік ұпай қосылмақ. Бірінші орынға - 700, екінші орынға - 490, ал үшінші орын алған спортшыға - 350 ұпай беріледі.

Следующая →