Усть-Каменогорск
пасмурно
+1°
  • Усть-Каменогорск
    +1°
  • Семей
  • Алматы
    +8°
  • Риддер
    +3°
  • Астана
    -12°
  • Актобе
    -24°
  • Актау
    -8°
  • Атырау
    -17°
  • Караганда
    -7°
  • Кокшетау
    -29°
  • Костанай
    -29°
  • Кызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -30°
  • Тараз
  • Туркестан
    +2°
  • Уральск
    -23°
  • Шымкент
    -2°
$
493.85
571.78
¥
71.53
6.25
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да ауыр атлетикадан облыстық чемпионат өтті

Өскеменде ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар мен қыздар арасында облыстық чемпионат өтті. Жыл сайынғы сайысқа 80-ге тарта ауыр атлет қатысты

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, спортшылар 15 салмақ бойынша мықтыны анықтады. Оның ішінде жастар 8 салмақта, қыздар 7 салмақ бойынша бақ сынады. Облыстық чемпионатқа өскемендік ауыр атлеттерден бөлек, Семей қаласының, сонымен қатар, Зырян, Күршім, Шемонаиха аудандарының спортшылары келді.

- Жарыстың мақсаты - жастар арасында ауыр атлетиканы кеңінен насихаттау және жоғары нәтиже көрсеткен спортшылардан облыс құрамасын жасақтау, - деді ауыр атлетикадан ШҚО аға жаттықтырушысы Денис Девяткин.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының чемпионаты ақпан айының 14-і мен 19-ы аралығында Қызылорда қаласында өтпек. 

Следующая →