ШҚО-да 100 клеткалы шахматтан ашық чемпионат өтуде
Өскеменде рапид форматы бойынша 100 клеткалы шахматтан ашық қалалық чемпионат басталды. Мұнда әр түрлі жас ерекшелігі бойынша 20 спортшы қатысуда
ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, шахматтың осы нұсқасының авторы Александр Кочергиннің айтуынша, іс-шара 100 клеткалы шахматты халыққа кеңінен насихаттау болып табылады. Ойынға ханзада мен ханшайымды енгізу әр шахматшының терең ойлап барып қадам жасауына негізделеді.
– Мұндай тәсіл ойынды одан ары шиеленістіре түседі. Себебі, бір жағынан ханзаданың ізін аңду керек, сондай-ақ корольдің де соңынан түсу керек болады. Қазір әлемде 100 клеткалы шахматтың 27 түрі бар. Соның ішінде біреуі менің нұсқам болып табылады. Менің нұсқамның ерекшелігі, классикалық шахматқа толықтай бағынған, – деді әлемдік 100 клеткалы шахматтың бір нұсқасының авторы.
Айта кетейік, жарыс басталар алдында Александр Кочергин барлық қатысушыларға шеберлік сағатын өткізген болатын. 100 клеткалы шахматты алғаш ойнағалы тұрған қатысушыларға ойын ережесі мен ерекшелігі түсіндірілді.
Следующая →