Стрит воркаут алаңдары салынады
Ендігі жылдан бастап аудан орталықтарына стрит воркаут алаңдары салына бастамақ. Олардың саны жүзден аспақ
Қазіргі уақытта турникке тартылу, онда өнер көрсету жастар арасында кең қызығушылыққа ие. Сондықтан Өскемен, Семей қалаларында абаттандыру жұмыстары жүргізілген кезде спорт алаңдарында турниктің әр түрін орнатуға көп мән берілген. Былтыр облыста 21 турник қойылған спорт алаңы салынған. Кез келген спорт алаңын салған сәтте турникті қатар орнату әдетке айналған.
Аталған спорт түрінің кең таралуына байланысты бұқаралық спортты дамыту үшін облыс әкімі мұндай алаңдарды қалаларда емес, аудан мен ауылдарда салу қажет деп отыр.
- Облыста халық саны 2000-нан астам 100 ауылдық округ бар. Стрит-воркаут алаңдарын, ең алдымен, аудан орталықтарында, кейін ауылдарда орнатуды қолға аламыз. Ендігі жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілетіндіктен, аудан әкімдері стрит воркаут алаңдарын салуды өз мойындарына алады, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Әкімнің сөзіне қарағанда, жүз ауылдың барлығында стрит воркаут алаңдары салыну қажет. Бұл ауылдар 2018 жылдың қаңтарынан бастап бюджет қаржысын өзі жинап, өзі жұмсайтын болады. Ендігі кезекте, ауыл әкімдері өздері жинаған бюджет қаржысынан бірінші болып стрит воркаут алаңдарын сала бастамақ.
Следующая →