Усть-Каменогорск
облачно
+18°
  • Усть-Каменогорск
    +18°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +22°
  • Актобе
    +13°
  • Форт-Шевченко
    +14°
  • Атырау
    +16°
  • Караганда
    +21°
  • Кокшетау
    +23°
  • Костанай
    +7°
  • Кызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +22°
  • Уральск
    +8°
  • Шымкент
    +24°
$
440.92
+1.52
475.36
+1.82
¥
60.95
+0.13
4.82
+0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да Street Workout бойынша облыстық турнир өтті

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының әкімінің жүлдесі үшін жастар арасында «Рухты Шығыс» атты Street Workout  бойынша алғашқы облыстық турнир өтті

ШҚО-да соңғы бірер жылда стрит воркаут жақсы қарқын ала бастады. Облыс әкімі Даниял Аxметовтың бастамасымен 2016 жылдан бері бірнеше қалалар мен аудандарда стрит воркаут алаңдары ашылған. Сондықтан болар, осы спорт түрінен облыстық турнирға өңірімзден 16 команда қатысты.

ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, білек күшін талап ететін күрделі спортқа 14-20 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатысты. Турнир ережесіне сай, әр командада екі ұл, бір қыз болуы тиіс. Жалпы сайыс екі кезеңге бөлінді. Бірінші кезең күштік жаттығулар бойынша болса, екінші бөлігі техникалық әдістерден өтті. 

Қатысушылар аталмыш спорттың 5 жаттығу түрі бойынша бәсекеге түсті. Атап айтсақ, стритлифтинг мультифрит, стритлифтинг классик, классик,  қыздар және ұлдар арасында стритлифтинг, сондай-ақ, қыздар және ұлдар арасында фристайл бойынша өтті. 

Жалпы жарыс қорытындысы бойынша, Өскемен қаласының құрамасы жалпыкомандалық есепте көш бастады, Курчатов қаласының спортшылары 2-орын иеленсе, Риддер қаласының командасы 3-орынға табан тіреді. Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілмек.
Следующая →