Усть-Каменогорск
ясно
+22°
  • Усть-Каменогорск
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Нур-Султан (Астана)
    +16°
  • Актобе
    +12°
  • Форт-Шевченко
    +16°
  • Атырау
    +14°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +12°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +4°
  • Шымкент
    +19°
$
439.4
-0.03
473.54
+0.23
¥
60.82
-0.16
4.76
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Ұландық көкпаршылар «EXPO-2017» көрмесіне жолдама алды

Өскеменде ұлттық ат спорт ойындары бойынша облыс чемпионатының жүлдегерлері анықталып, «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне жолдама алды

Облыс чемпионатының қорытындысы бойынша, Ұлан ауданы жеңіске жетсе, екінші орынды Көкпекті, үшінші орынды тарбағатайлық командалар еншіледі. Шілде айының 22-23 күндері жеңімпаз командалар мен спортшылар Астана қаласында өткізілетін Шығыс Қазақстанның мәдениет күндерінде елімізде дамып келе жатқан ұлттық спорт түрлерінен өз шеберліктерін көрсетіп, шырайлы Шығыстың намысын қорғайтын болады.

Айта кетсек, «ЕХРО-2017» көрмесіне көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату сынды ұлттық ойындарымен көпшілікті таң-тамаша етуге ШҚО-дан 60-қа жуық адамнан құралған делегация аттанады.

Еске сала кетейік, аталмыш додаға Тарбағатай, Абай, Ұлан, Көкпекті аудандарынан келген командалар мен Өскемен қаласының спортшылары қатысты. Облыс орталығында бас қосқан қарулы да шыдамды, епті де жігерлі жастар бес командаға бөлініп, көпшілікті тартысты ойындарымен тәнті етті.

Следующая →