Өскеменде Азия чемпионаты басталды
Қазақстан волейбол клубтары арасында өтетін Азия чемпионатын өз жерінде үшінші рет, ал Өскемен қаласы өз тарихында бірінші рет ұйымдастырып отыр
Бұған дейін 2004 жылы Алматы қаласында әйелдер командалары арасындағы, ал 2008 жылы ерлер командалары арасындағы чемпионатты өткізген болатын. Ал Қазақстанның «Рахат» әйелдер командасы 2004 жылы және 2007 жылы волейболдан екі рет Азия чемпионы атанған. Ал Қытай командалары 7 рет, Тайланд командалары 4 рет, Жапония командалары 3 рет Азия чемпионы атанған еді.
Биыл бұл чемпионатқа жерлестеріміз «Алтай» әйелдер командасы қатысқалы отыр. «Алтай» клубы Қазақстан чемпионатында екі жыл қатарынан жеңімпаз атанып, былтыр да Азия чемпионатына барған болатын. 2016 жылы жерлестеріміз әлемдік жарыста 4-орын алған еді.
Биылғы додаға Азияның 8 мемлекеті қатысып отыр: «Алтай» (Қазақстан), «Супреме» (Тайланд), «Сармайе Банк» (Иран), «Тайвань Пауэр» (Тайвань), «Хисамицу Сеяку Спрингс» (Жапония), «Тяньцзин Бохай Банк» (Қытай), «Вьетин Банк Клуб» (Вьетнам) және «Филиппин Супер Лига» (Филиппин).
Турнирдің былтырғы чемпиондары Жапония елінен келген «НЕК Ред Рокетс» командасы болған, алайда бұл құрама биыл жарысқа қатыспайды. Оның орнына Жапониядан бұған дейін екі рет Азия чемпионы болған «Хисамицу Спрингс» командасы келіп отыр.
- Біз биыл да чемпиондықты қолдан бермеуге тырысамыз, - деп мәлімдеді Жапония клубының жаттықтырушысы Сакай Шинго.
Құрлық бәсекесіне Қытай елі енді ғана құрылған жас командасын әкелсе, Вьетнам мемлекеті Азия чемпионатына бірінші рет қатысып отыр.
- Біз бұл чемпионатқа тек тәжірибе жинау үшін келіп отырмыз. Әрбір командамен 6 ойын өткізгеннің өзі біз үшін үлкен тәжірибе болар еді, - дейді «Тяньцзинь Бохай Банк» клубының капитаны Ли Шань.
Чемпионатқа қатысқалы отырған командалардың арасында нақты фаворит жоқ, барлық клубтың да алтынды алуға қауқары бар. Жерлестеріміз «Алтай» командасы да ел намысын қолдан бермейміз деп отыр.
- Қарсыластарымыз оңай жеңілетін командалар емес. Алайда біздің дайындығымыз да өз нәтижесін беруі тиіс. Ел намысын қолдан бермейміз, - дейді «Алтай» клубының жаттықтырушысы Ярослав Антонов.
Құрлық сайысында жеңімпаз атанған командалар 2018 жылы өтетін Әлем біріншілігіне қатысатын болады.
Турнир 25-31 мамыр аралығында өтпек. Барлық чемпионат мачтары Б.Александров атындағы Спорт сарайында өтпек. Ал алғашқы ойын 25 мамыр күні сағат 10.30.-да Жапония мен Филиппин командалары арасында болмақ.
Ал жерлестеріміздің алғашқы ойыны 25 мамыр күні сағат 19.00-де «Тайвань Пауэр» командасымен өтеді. Бұдан кейін өскемендік команда 26 мамыр күні сағат 19.00-де Тайланд командасымен, ал 27 мамыр күні сағат 19.00-де Иран командасымен кездеседі. Волейбол жарысына кіру тегін.
Следующая →