Усть-Каменогорск
пасмурно
-7°
  • Усть-Каменогорск
    -7°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -4°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +7°
  • Атырау
    +1°
  • Караганда
    -5°
  • Кокшетау
    -3°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    -2°
  • Павлодар
    -4°
  • Петропавловск
    -4°
  • Тараз
    -2°
  • Уральск
    +1°
  • Шымкент
    +1°
$
493.85
+1.68
519.04
-3.35
¥
68.16
-0.11
4.97
-0.03
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өңірлік өреніміз самбодан Қазақстан кубогын жеңіп алды

Шығысқазақстандық Ерболат Құнанбаев Семей қаласында самбо күресінен өткен Қазақстан кубогын жеңіп алды

Семей қаласында өткен Қабанбай Батыр атындағы дүбірлі жарыста қарсыластарын түгел жығып, алтын жүлдені олжалады. Мерейімізді үстем еткен балуан 62 кг салмақ дәрежесінде үздік шығып қана қоймай, самбо күресінен спорт шебері атанды.


Семей қаласының денешынықтыру және сауықтыру кешенінде самбо күресінен Қабанбай батыр мемориалы Қазақстан кубогы үшін өткен жарыс аяқталды. Ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан кубогы сарапқа салынған жарысқа 14 облыс және Астана, Алматы қалаларынан 240-қа жуық палуан қатысты. Мемориалдық турнир биыл 16-шы мәрте ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі жарысқа қатысушылар саны жыл санап артып келеді. Бұл өз алдына еліміздегі самбо күресінің қанат жаюына ықпал етуде.


Екі күнге созылған жарыс қазақ тарихындағы даңқты қолбасшы Қабанбай Батыр есімін дәріптеп, мықты палуандарға қолдау көрсетуге бағытталған. Сондықтан аталған турнирдің елімізде беделі жоғары. Жа-рысқа халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Әлем чемпионатының жүлдегерлері, Азия чемпиондары, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары қатысты. Турнир қорытындысы бойынша ерлер арасында Маңғыстау облысының палуандары 1-орынды жеңіп алып, кубокты иеленді. 2-орынға Шығыс Қазақстан спортшылары ие болса, Ақтөбе облысының командасы 3-орынға табан тіреді. Қыздар арасында Шығыстың арулары топ жарып, жарыс кубогына ие болды. Оңтүстік Қазақстан облысының палуандарына 2-орын бұйырса, үздік үштікті Батыс Қазақстан спортшылары қорытындылады. Сонымен бірге Қазақстан кубогы сарапқа салынған жарысқа көкпектілік балуан қатысты. 74 кг салмақ дәрежесінде белдескен Арслан Бауедимов бұл жолы жүлдеге қолжеткізбегенмен көпшіліктің көзайымына айналды.


Аталмыш жарыста топ жарып, барша көкпектіліктерді жеңісімен қуантқан жерлесіміз Ерболат Құнанбаев:


- Қазақстан кубогының жеңімпазы атанып, спорт шебері атағын алу сәтіндегі қуанышымды айтып жеткізу қиын. Барлығы да жаратқан Алланың қолдауымен. Қашан да маған қамқор болып, қолдау білдіріп келген ата-анам мен жақындарымның сенімін ақтап, еңбегін өтегеніме сенемін. Алғашқы жаттықтырушыларым Талғат Мүсірепов пен Болат Бекбердинов және бүгінгі бапкерім Қанат Мустафин сынды азаматтардың да жеңісі бұл. Оларға айтар алғысым шексіз. Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы ұлық мерейтойда жерлестеріме арнаған жеңісім болсын! - дейді біздің жеңімпаз.


Шұғылбай ауылының тумасы бүгінде Елордада тұрып, ел игілігіне қызмет етуде. Астана қаласы Ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығында кезекші инспектор. Жеңіс арқалаған жерлесіміздің шексіз қуанышы барша көкпектіліктерге ортақ.

Дархан Бердібек

Следующая →