Усть-Каменогорск
малооблачно
+8°
  • Усть-Каменогорск
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Нур-Султан (Астана)
    +10°
  • Актобе
    +11°
  • Форт-Шевченко
    +15°
  • Атырау
    +11°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +6°
  • Костанай
    +8°
  • Кызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Уральск
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

30 жылда спорт саласы қарқынды дамыды

Қазақстан Тәуелсіздік алғанына биыл 30 жыл толды. Тәуелсіздік жылдары еліміздегі әр спорт саласы дамыды. Көк туымызды желбіреткен талай спортшылар шықты. Солардың ішінде еліміздегі грек-рим күресін дамытуға елеулі үлес қосқан азамат, алтын медаль иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің бақилық болғанына бір жыл болды. Өскемен қаласының кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ербол Қоңыратов Жақсылық Үшкемпіровтен талай өнеге алған азаматтардың бірі.

Сіз грек-рим күресінен ҚР-ның бірнеше дүркін жеңімпазысыз, Азия чемпионы, ХХІІІ жазғы универсиада ойындарының жүлдегерісіз. Сіздің спорт саласындағы жетістіктеріңіз Тәуелсіздік жылдарымен астасады. Тәуелсіздік жылдарындағы грек-рим күресінің дамуына қандай баға бере аласыз?

- Мен өзім 1997 жылы Алматы қаласындағы Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы спорт мектебінде оқыдым. Кейін ол мектеп Нұр-Сұлтан қаласына ауысты. Мектептен кейін мен Л. Н. Гумелев атындағы Евразия Ұлттық университетінде оқыдым. Осы кездерде менің спортпен еркін айналысуыма ешкім және ешнәрсе кедергі болмады. Жарыстарға бару, қаражат тапшылығы, спорт жабдықтарының жетіспеушілігі деген мәселелер мені мазаламады. Бұл спорт саласының дамуының, мемлекеттің, жеке демеушілердің спортқа бөлген ерекше көңілінің арқасы болар. Жалпы еліміздің әр қаласын жеке алып қарасақ, әр қалада спорт мектептері, жаттығу алаңдары салынуда. Қазіргі кезде аудан орталықтарында да түрлі спорттық кешендер, бассейндер бой көтеруде. Бұл Тәуелсіздігіміздің арқасында, спорт болашағы үшін жасалып жатқан үлкен инвестициялар деп білемін.

Азия чемпионы болғанға дейінгі және болғаннан кейінгі өміріңіз қандай болды? Жүлделі жеңіс лайықты бағасын алды ғой...

- Азия Чемипонатынан алғаш рет 2008 жылы Корей елінде 3-орын алдым. Екінші рет 2012 жылы барып, жеңімпаз атандым. Жарысқа барар алдында үлкен жауапкершілікті сезінесің. Себебі біз елдің абыройын жерге жықпай керісінше асқақтату керектігін түсінесің. Қаншама тер төгіп еңбектенесін, түрлі жарақаттар аласың, физикалық, психологиялық тұрғыда шаршайсың, бірақ мұның барлығы жеңіске жеткен кезде ұмытылады. Мақсатыңа жеткен соң, ел үмітін ақтағандай жеңілдік сезінесің. Сонымен қатар, жүлделі жеңістен кейін материалдық тұрғыдан қолдау болады.

Сұхбат - фото Е. Қоңыратовтың жеке мұрағатынан (6).jpg

Бір кездері сіз шәкірт болдыңыз, қазір өзіңіз спорт мектебін басқарып отырсыз. Заман өзгерді, спортшылардың да бірнеше ұрпағы ауысты. Бүгінгі спортшылар мен кешегі спортшыларды салыстыруға бола ма?

- Біз өз кезімізде аға буынның жаттығу нормаларын қайталай алмаған едік. Қазір спорттың әр саласында жүрген бапкерлермен кездескен кезде жасөспірімдердің жаттығудағы жетістіктерін сұрайтын болсам, солардың жастарында біз орындаған нормативтерді қазір олар орындай алмайды екен. Біздің кездегі спортшылар қазіргі спортышаларға қарағанда мықтырақ еді. Мұндай құлдырау ненің себебінен екенін нақты білмеймін. Дегенмен бірнеше тұжырымым бар, біріншісі, ата-анасына еркелеп өсулері ер балалардың бойындағы нәзіктікті дамытуы мүмкін. Екіншісі, бос уақыттарын ұялы телефондағы ойындарға, әлеуметітк желілерге көбірек бөлуден деп ойлаймын. 

Грек-рим күресін және Жақсылық Үшкемпіровті егіз ұғым деуге бола ма?

- «Бақ шаба ма, бап шаба ма» дейді ғой. Ағамыздың спорт өміріндегі жетістіктері таза қара термен, еңбекпен жеткен жеңістері. Оның бағы жанып, сәті түсіп жеңіске жетті деп айту өте қиын. Қаншама жыл нан жемей, түрлі диеталар ұстанып, салмағын ұстап тұру және Кеңес Одағы құрамасына кіру оңай емес. Жақсылық Үшкемпіров, тіпті, Қазақстанның құрамасына круден де қиын, өзіңіз ойлаңыз 15 одақтас ел, әр елден тепсе темір үзетін, ағамыз сияқты мақсаты айқын спортшылар толып жүрді. Осы спортышардың арасынан озық шығу, үлкен еңбектің арқасы. Ол бірден жеңімпаз болмады. Қанашама рет Олимпиадаға өте алмай қалған. Бірақ қойған мақасатынан бас тартпай, жаттығып, еңбегінің жемісін көрді. Еліміздің көк туын желбіретті. Ағамыз өз жеңісімен тоқтап қалмады. Ол грек-рим күресін жанымен сүйді. Сондықтан осы спортта жүрген әр спортшыға қол ұшын созуға асық болды, осы спорттың елімізде қарқынды дамығанын қалап жыл сайын турнирлер ұйымдастырды.

Сіз үшін Жаксылық Үшкемпіров кім, қандай тұлға?

Мен үшін Жақсылық Үшкемпіров ағамыз жүз жылда, мың жылда бір туатын тұлға. Оның сөзі, ісі, тіпті жүріс-тұрысының өзі бір насихатқа толы еді. Ағамыз әр қашан кішіпейіл болатын, кездесулер ұйымдастыратын болсақ, ешқашан «уақытым жоқ» демейтін. Үнемі жастармен көрген, білгенімен бөлісетін. Оны кемінде 100 адам тыңдаса, ертең солардың біреуінің жүргенінен ағамыздың сөзі орын тауып, ол шабыттанып, өзіне үлкен мотивация алғанына кәміл сенемін. Ол жомарт жан еді. Біз Әлемдік жарыстарға, Азия чемпионаттарына жылда тау басындағы кешенде дайындалатынбыз. Сол кезде ағамыз бір жылқысын, бір ірі қара малын сойып, міне жеп-ішіңдер, жақсылап дайындалыңдар деп әкеліп тасайтын. Кейін спорт өмірінен алыстаған кезде де «балам қалайсың, далада қалып қалған жоқсыңдар ма» деп қал-жағдайымызды біліп, көмек керек болса, қол ұшын созып отыратын. Себебі спортта спортшы тек бір бағытта ғана жұмыс істейді, оның бір ғана мақсаты бар. Ал спорттан шыққан кезде, адамның көзқарасы ауысады. Айналадағы ортамыз спорт әлеміндегідей емес, жаңа өмір басталады. Сен жетістігі бар спортшы болсаң да, бұл жақта сен өз міндетін орындау керек мамансың.

Сіз Жақсылық ағамен қалай таныстыңыз?

Менің әкем спортпен айналысты. Әкемнің бауырлары Боранбек Қоңыратов КСРО кубогын иеленген, Жұмабек Қоңыратов Қазақстан біріншіліктерінде, халықаралық турнирлерде жеңімпаз болған. Мен соларға қарап, соларға еліктеп өсіп, спорт әлеміне келдім, Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы спорт мектебіне оқуға түстім. Осы жерде мен Жақсылық Үшкемпіров жайлы бапкерлерімізден естідім. Ол мектебімізге жиі келіп тұратын, сондай кездесулердің бірінде таныстым. Жақсылық аға үнемі бізге өз ақыл-кеңестерін айтып жүретін.

‌Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Жақсылық Үшкемпіровтің Қазақстан спортына қосқан үлесі қандай?

- Алматы облысы «Жақсы» деген ауылда ағамыздың өз шаруа қожалығы бар болатын. Сол жерде ағамыз спорт мектебін тұрғызып, мектепке білікті бапкер мамандар алды, сол мамандарға мектеп жанынан жатақхана салды, ауыл тұрғындарына балабақша салып, бір ауылға толықтай қолдау көрсетіп отырды. Осы мектептен талай спортшылар шықты. Сонымен қатар, ағамыз грек-рим күресімен айналысатын спортшыларға арнап жылда турнирлер ұйымдастыратын, турнирде өте бағалы сыйлықтар берілетін.

Жақсылық Үшкемпіровтің жауды тізе бүктіретін өзіндік тәсілдері болған деседі. Ол қандай тәсілдер екеін білесіз бе? Сіздермен бөлісті ме?

- Жақсылық Үшкемпіров аренаға шығатын, күресіп болған соң жеңіске жететін. Бірақ сол аралықты нені қалай орындағанын айта айлмайтын. Біздің спорт-мектеп интернатында Әділжан Карибаевич деген бапкер маған Жақсылық ағамыз қолданған бір әдісті үйретті. Мен ол әдістерді қатысқан жарыстарымда қолдандым. Жалпы ағамыз қол байласып күрескен, күрессе тоқтамай жеңіске жеткенше күрескен деседі.

Сұхбат - фото Е. Қоңыратовтың жеке мұрағатынан (4).jpg

Соңғы сұхбаттарының бірінде Жақсылық Үшкемпіров өзінің Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігін қайталайтын қазақ балуандарының жеңісін көріп кетуді армандайтынын айтқан. Биылғы Олимпиада ойындарындағы грек рим күресіне қандай баға бересіз? Ел намысын қорғаған балуандар жайлы не айтасыз?

- Иә, ағамыздың бұл арманын артынан ерген әр спортшы біледі. Бірақ спортшылар да жанын салмай күресіп жатыр деуге келмейді. Мен де ағамыздың арманын орындай алмағаныма қынжыламын. Әлем чемпионатына 4 рет бардым, бұйырмады. Сәтсіздіктер болды. Олимпиада ойындарында күміс, қола медальдар алғандар болды, алайда әзірге алтын ала алмадық.
Токиода өткен Олимпиада ойындарына келетін болсақ, грек-рим күресінен ел намысын қорғауға Ақтөбе өңірінен Мирамбек Айнагулов, шығыстан Нұрсұлтан Тұрсынов, Алматыдан Демеу Жадраев барды. Жадраев күресу кезінде шалыс басып, қарсыласы сол сәтті пайдаланып кетті. Тура сол сәтте балуандарымыз не сезгенін, қалай болғанын білмеймін.

Елімізде спорт саласы қарқынды дамып келе жатқанын атап өттіңіз, дегенмен әлі де реттейтін, дамытатын тұстары бар ма?

- Иә, ондай тұстар бар. Мысалы, 900 бала тәрбиеленетін бір спорт мектебінің шататында 1 ғана массажист, 1 ғана психолог болады. Кейбірінде ол да жоқ. Бізде бапкердің өзі дәрігер, өзі массажист, өзі психолог қой. Тағы бір мәселе, спорт мектептеріне мамандар алған кезде бапкердің кемінде спорт шеберіне кандидат болуын назарға алса, жеңіс пен жетістіктеріміз еселенер ме еді. Сонымен қатар, біздің спортышаларда шет тілін білу бағыты ақсап тұр. Федерациялар аға бапкерді тағайындаған соң, ол бапкер міндетті түрде ағылшын тілін үйренуі керек. Спорт мектептерінде оқитын жастар мен жасөспірімдер де ағылшын тілін үйренуге ден қоюы керек. Дұрыс жаза алмаса да, ойын жеткізе алатын дәрежеде білуі керек. Себебі жарыстарда төрешілер қателік жіберуі мүмкін. Сол кезде қателіктің кеткенін, ақ-қарасын анықтап жеткізе білу - өз құқығыңды қорғап қалу ғой.
Қазір бізде спорт мектептері, жоғары спорт мектептері бар. Енді осы жерден шыққан спортшылардың жағдайын жақсарту үшін елімізде жазғы және қысқы олимпиада ойындарына арнап таулы аймақтарда «Олимпиадаға дайындау орталықтарын» ашу керек. Олимиададан жүлделі орын алатын елдердің барлығында мұндай орталықтар бар. Бұл жерде спортшы еркін түрде жаттығуын жасап, дайындала алады. Оны басқа тұрмыстың түйіткілді мәселелері мазаламас еді.
Следующая →