Усть-Каменогорск
пасмурно
-10°
  • Усть-Каменогорск
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Нур-Султан (Астана)
    -6°
  • Актобе
    -2°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +3°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -6°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Уральск
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Абайдың 175 жылдығында ашылған дала мұражайы қирады

Құрғақшылық болып тұрған Абай ауданында демалыс күндері қатты жауын мен сел өтіп, Қасқабұлақ ауылдық округіне біраз залал тигізді.

11 шілде күні Абай ауданында қатты сел жүріп өтті. Аудан әкімдігіндегілердің айтуынша, ауыл тұрғындарына ешқандай материалдық шығын келтірмеді.

- Жуықта болған жауын, жел, селдің салдарынан соғым цехінің шатырын ұшырып әкетті, хоккей қорабының қашасы майысып қалды. Бұл еш материалдық шығынды қажет етпейді. Өз қүшімізбен барлығын қалпына келтірдік, - деді Абай ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы.

Қасқабұлақ ауылдық округінен бөлек, табиғи апат Ақшоқы даласындағы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ашылған мұражайының тас-талқанын шығарды. Дала мұражайындағы демалушыларға арналған шатырлы күркелер қирап, Абай Құнанбаевтың сөзі жазылған 4 құлпытастың екеуі құлап, жарылды.

- Мұражайдың фотосуреттері әлеуметтік желіде тарап кетті. Соны көрген мердігер бізге өзі хабарласып, барлық келтірілген шығынды өз қаражатына қалпына келтіретінін айтты. Бұл оның жауапкершілігі деп білемін. Себебі мердігер ретінде оның кепілдеме мерзімі өткен жылы бітіп қойған, - деп қосты Нұржан Әбдікәрімов.

Осы уақытқа дейін мердігер дала мұражайының қашасын қалпына келтірді. Мәрмәр тастарды да жуықта жөндеп орнатады. Тағы бір ұсақ жұмыстарды жер кепкен соң жасай бастайды. Аудан әкімдігі мердігерге КамАз-бен құм төгуге көмектеседі.

Ал Қасқабұлақ ауыдық округіндегі қатты селден болған су ауыл ішімен төмен ағып, ауыл көшелері әп сәтте-ақ, құрғап қалған екен.
Следующая →