Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Нур-Султан (Астана)
    +13°
  • Актобе
    +19°
  • Форт-Шевченко
    +22°
  • Атырау
    +21°
  • Караганда
    +9°
  • Кокшетау
    +14°
  • Костанай
    +16°
  • Кызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Уральск
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Өскеменде бірнеше үйді су басуы мүмкін

Ауа райының құбылмалығына байланысты қаланың ТЖБ мамандары көктемгі тасқынға дайындық жұмыстарын бастап кетті

Тасқын болу қаупі наурыщ айының соңы мен сәуір айының соңғы айларына сәйкес келуі мүмкін болса да, ТЖБ және қалалық әкімшілік мамандары бірлесе отырып, су басуы мүмкін аймақтарды аралып шықты. Тізімде барлығы 1016 үй бар болса, онда екі мыңнан астам адам тұрып жатыр.

- Біз халықпен әңгімелесе отырып, ескерту жасаймыз. Алдын алу шараларын жүргіземіз. Мердігер компаниялардың тасқын бола қалған жағдайдағы дайындықтарын тексереміз, - деді Өскемен қаласы ТЖ басқармасының Азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Валентин Литвиненко. – Тізімде Городская, Кубинская, Рахмановская, Узбекская, Депутатов, Кутякова, Якутская, Сафонова, Комарова, Заводская, Рабочая, Пограничная, Горно-Алтайская, Скалистая, Дружинников, Юннатов, Согринская, Яблоневая көшелері бар.

Басқарма мамандарының сөзіне сүйенсек, мердігер компаниялар жағалауларды бекітіп, арықтарды тазартып, қаржы шағара бастаған.

- Белгілі бір аудан үшін жауапты қызметкер су қоймалары мен тасқын болу қаупі бар орындарды бақылап, жергілікті өзін өзі басқару комитеті бөлімдері директорымен бірлесе отырып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, - деп абарлады Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз қызметі. – Әр қызметкер өзіне бекітілген ауданның қауіпсіздігіне жауапты.

Мекеме мамандары халықтан өз үй-жайларының маңайын тазартуды сұрайды.

Назерке Кәрімова
Следующая →