Қанішер әйел жұрт үрейін қашырыд
Теміртау қаласында 29 жастағы әйел азаматтық некедегі күйеуін бауыздап тастап көше кезіп кеткен

Фото:
newstes.ru
Үсті-басы қызыл қанға боялған ол қала тұрғындарының зәресін алды.
Алыстан сұлбасы көрінген әйелді байқағандар оны адасып жүрген біреу деп топшылаған. Жақындағанда қанға боялған қолында пышақ бар екені анық көрінеді. Дереу жеткен полиция әйелді ұстағынымен, үйде қансырап жатқан 40 жастағы күйеуі дәрігерлер жетпей-ақ жан тапсырды.
Араққа сылқия тойып алған күдікті жанжалды еркектің өзі бастағанын айтып ақталған. Бірақ артынша аузына келгенін сандырақтап, жын түрткендей күйге түсті.