Жергілікті полицияға 107 көлік берілмек
Шығыс Қазақстан облысы қылмыс жасау бойынша республикадағы өзге облыстармен салыстырғанда жетінші орында тұр
Өткен жылы 26486 қылмыс тіркелген. Оның жартысынан көбі біреудің мүлкін ұрлау болса, адам өлтіру, қаса қана денсаулығына зақым келтіру сынды қылмыстар азайған екен. Сондай-ақ, бұрын соңды сотталған адамдар жасаған қылмыс саны екі есеге артыпты.
Жергілікті полиция басқармасының басшысы Дулат Қазақпаевтың айтуынша қылмыстың басым бөлігі Өскемен және Семей қалаларында тіркелген. Осыған орай облыс басшысы Даниал Ахметов екі қаланың әкімдеріне тапсырма беріп, «қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында орннатылған 113 бейнекамера аздық ететінін тілге тиек етіп, болашақта қаладағы барлық нысандар бейнекамерамен мүмкіндігінше қамтамасыз етілуін тапсырды.
- Полицияға бөлінетін бюджет екі жарым миллиард деңгеге өсті. Биыл жергілікті полицияға 107 автокөлік және заманауи техникаларды алу жоспарда бар. Біз азаматтардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдайлар жасаудамыз. Өз кезегінде тұрғындар да өз қауіпсіздігі мақсатында ауласына камера қоюға қызығушылық тудыру керек, - деді облыс басшысы.