Өскемендегі көшелер – коммунизмнің қалдығы
Дәуірлер кетіп, ғасырлар сырғиды, уақыт өтіп, жылдар жылжиды. Өркениеттің ошағына телініп, ғаламат империя болған хандықтар мен қағанаттар құлап, тиісінше жаңа, жас мемлекеттер бой көтереді. Жеңген ұлт жеңілген ұлттың тарихын жазады Біздің де тамыры тереңге, құпиясы қойнауға кеткен, жамалын жел қақтаған әженің әжіміндей қатпар-қатпар тарихымызды өзгертіп жазған, жазғысы келген, әлі де болсын жазуға құлықты елдер баршылық. Қандай да бір мемлекет соғыспен я соғыссыз жаулап, меншіктеп алған жерінің...