Өскемендегі көпқабатты үйлердің бірінің тұрғындары қолқаны қабар иістен шаршаған
Өскемендегі 30-гвардиялық дивизия, 30 мекенжайында орналасқан үй тұрғындары бесінші қабаттағы пәтерден шығатын жағымсыз иіске тұншығып күн кешіп келеді Себебі пәтер иесі үш бөлмелі үйдің ішін қоқыр-қоқысқа әбден толтырған. Салдарынан пәтерге құрт-құмырсқа мен тарақандар қаптап, қолқаны қабар күлімсі иіс бүкіл подъезді алып тұр. Бұл пәтерде Зинаида Васильевна (аты-жөні толық өзгертілген) есімді зейнеткер науқас ұлымен бірге тұрады. Көршілерінің айтуынша, олар осы қоқысты 9 жылдан артық уақыт жинапты...