Ворошилов көшесіне Шәкәрімнің есімі берілуі мүмкін бе?
Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық белсенділері Ворошилов көшесіне Шәкәрімнің есімі берілуін талап етуде ҚР Жазушылар одағы ШҚО филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев бастаған қоғамдық белсенділер тобы облыс әкімі Даниал Ахметов пен Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевқа ұсыныс хат жазып, өр қаланың Ворошилов көшесіне Шәкәрім қажының есімін беру туралы талап қойды. Ұсыныс хатта Өскемен, Зырян, Риддер, Шемонаиха қалаларының көше атаулары кеңестік кезеңдегі кейіп-болмысын бұза қоймағандығы, әсіресе...