Шіліктіде ірі қара, қой мен қозы неден қырылып жатыр?
Зайсандағы мал өліміне белгісіз індет себеп пе, әлде мал иелерінің өздері кінәлі ме? Зайсан ауданындағы шекарадан орын тепкен Шілікті ауылдық окургіндегі Шілікті, Жалши және Қарасай ауылдарындағы қой мен қозы, бұзау белгісіз себептен өліп жатыр. Бұл жағдай сәуір айының соңында басталған. Шекара шебінде орналасқан халықтың негізгі күнкөріс көзі - мал шаруашылығы. Қорадағы түлігінен айырылған халық енді шекаралық ауданнан үдере көшпесе игі. Малдың аузы уылып, тұяғы түсіп қалған Негізінен малдар...