Неге қорқынышты ойыншықтарға сұраныс артып тұр?
Неге қорқынышты ойыншықтарға сұраныс артып тұр? Қазағымыз "Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер" дейді. Бұл әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған сөздер. Бірақ бүгін баланың тәрбиесімен расымен ата-ана айналысып жатыр ма, әлде интернет тәрбиелеп жатыр ма? Ұяда көргені ғаламтордағы қызық-думан болса, ұшқанда ілетіні не болмақ? Бір кездері қазақтың кең даласы ақындар мен шешендерге, билер мен батырларға толы еді. Сол кезде әр бала бесік жырын естіп, адам бойындағы рухты оятатын қиял-ғажайыпқа...