Сүйек берген кісімнен көрейін бе, мүжи алмаған тісімнен көрейін бе?
Ұлттық танымды табанға таптап, этиканы ескермейтін кейбір сайттар бүгінгі БАҚ-тың соры емес пе? "Жарғыш" жаңалықтар жас ұрпақты жарға жықпай ма? Қазақтың "обал болады", "ұят болады", "жаман болады" деп, тексіздіктен тежеп отыратын үш ауыз сөзі неге санадан шығып кетті?! Жаһандық көштің көшбасшысына айналған интернетті игілікке жаратамыз деп жүргенде илеуіне түсіп қалмайық. Бәсекелестік пен басқаларды басып озамыз деп жарыса жазып жүрген журналистер жұрттың...