Борандықтарды масалар енді мазаламайды
Шыбын-шіркейден зардап шегіп отырған борандықтардың қуанышында биыл шек жоқ. Себебі қаптаған қара масаны улауға 10 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп, мазаларын алатын маса азайып жатыр Шынымен-ақ, жаз шықса, Күршім ауданының Боран және Қалжыр ауылының тұрғындарына шыбын-шіркей маза бермейді. Тұрғындар қансорғыштардан қорғану үшін денеге арнайы май жағып, тіпті, көшеде бет-аузын тұмшалап жүруге мәжбүр-тін. Бірі жәндіктерді орамалмен үркітсе, енді бірі маңайдағы ағаш бұтақтарын жұлып әлек болатын...