ШҚО тұрғындарына биыл 3 млн тонна көмір қажет
ШҚО тұрғындарына биыл 3 млн тонна көмір қажет Облыс әкімі күн суытқанда қарбалас тудырмас үшін қатты отынмен қазірден бастап қамдана беру қажеттігін ескертеді ШҚО әкімі Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша кезекті кеңес өткізді. Өңір үшін қатты отынға деген жалпы қажеттілік шамамен үш миллион тоннаны құрайды, жылу көздері үшін 320 мың тонна (оның ішінде Риддер ЖЭО үшін де), халық үшін - 216 мың тонна сатып алынды. Қала мен аудандардың әкімдері...