Көпбалалылар табысын растамай-ақ жәрдемақы ала ма?
Ел үкіметі 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны көбейтіп, табысы аз отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек беру тәсілін өзгертуді ұсынды Бұл туралы 7 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов хабарлады. Министрдің айтуына қарағанда, ұсыныс заң жобасы түрінде әзірленген. Бұл жоба бойынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалары 18 жасқа толмаған көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан 42 мыңнан 72...