Мүмкіндігі шектеулі балаларға берілген мүмкіндік
Қаламызда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған педагогикалық-психологиялық түзеу орталығының салтанатты ашылуы өтті Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Өскемен қаласындағы №46 мектепте «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Дара» қайырымдылық қоры мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған педагогикалық-психологиялық түзеу орталығын ашты. Еліміз бойынша 11-ші болып ашылған бұл орталық көлемі жағынан ең үлкен. Орталықта бала және отбасы дефектолог, психолог, логопед...