Жетісу тұрғыны Өскеменнен Алматыға құжатсыз балық тасымалдаған
Жетісу тұрғыны Өскеменнен Алматыға құжатсыз балық тасымалдаған Алматы – Өскемен тас жолы бойында тоқтатылған көліктен 10 қап балық тәркіленді Өткен айдың соңында Алматы – Өскемен тас жолының 970-ші шақырымында жол полициясы патрульдеу барысында ГАЗ автокөлігін тоқтатқан. Көлік тізгінінде 31 жастағы Жетісу азаматы отырған. Автокөлікті тексеру кезінде жүксалғыштан мұздатылған балықтың 10 қабы табылды. Алайда балықты тасымалдауға рұқсат құжаттары болмаған. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 383-бабы...