Абай ауданындағы мектеп жылыжайында банан өсті
Абай ауданында да тропикалық жемістер өседі Абай ауданы Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп жылыжайында тропикалық өсімдіктер өсіреледі. Осыдан 5 жыл бұрын мектеп директоры мектептің жылыжайына бірнеше тропикалық өсімдіктерді әкеліп еккен екен. - Жылыжайдың жалпы ауданы 60 шаршы метрді құрайды. Осы күнге дейін лимон, анар, мандарин өнім берген болатын. Биыл банан өнім берді. Басқа да көкөніс пен жемістердің түрлерін егеміз. Осыған қарапақ бабын тапсаң, жерімізде кез келген жеміс түрін...