Бала - несібе, еңбек - жетістік
«Анада үш бақыт бар: ожданы, бөбегі, ізгі еңбегі» дейді атамыз қазақ. Бүгінгі кейіпкеріміздің балалық шағы қиын-қыстау кезеңде өтсе де, ар-ожданын айырбастамаған асыл жан, ардақты ана Атадан екеу қалса да, өзінен он бір құрсақ таратқан Қатыш Мағауияқызы - қазіргі таңда жиырма төрт немере мен он бір шөберенің әжесі. Биыл сексен жасқа аяқ басқан Қатыш әжеміз - аудандық прокуратура мен мәдениет саласында қырық жылдан астам абыройлы қызмет еткен ардагер жан. Бір әулеттің аяулы анасы ғана емес, бір...