Ахмер тұрғындары ауыз суға зәру
Ахмер ауылындағы Ақбұлақ көшесінен Ахмер әскери бөлімшесіне дейін ауыз су тартылмаған Қазіргі таңда Өскемен қаласының маңындағы бірнеше өңірде ауыз су, жарық мәселесі әлі де бар. Осыған дейін облыс орталығының төңірегіндегі саяжай кооперативтерінің кейбірінде су тапшылығының қысап тұрғаны айтылған болатын. Қысы қалада, жазы саяжайда тұратын халыққа осыншама ауыртпалық тиіп отырса, қысы-жазы аудандағы ауылдай су тасып жүрген қала тұрғындарының күйі тағы бар. Ескі Ахмерден Жаңа Ахмерге барар жолда...