Жидебайға қарай салт аттылар келе жатыр
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ұлттық Ат туризмі федерациясының ұйымдастыруымен салт аттылардың көпкүндік экспедициясы өтіп жатыр Бұл - жақында ғана ашылған Ұлттық Ат туризмі федерациясының тұсаукесер сапары. Маусым айының 10-ында бастау алған экспедиция 30-ы күні аяқталады деп жоспарлануда. Нұр-Сұлтан - Жидебай бағытын қамтитын салт атты сапар 1000 шақырымды құрайды. - Экспедицияның негізгі мақсаты - еліміздегі тарихи нысандарды атпен аралау, Елбасының "Атқа міну мәдениеті" бастамасын...