Даниал Ахметов футбол академиясының тағдырын шеше ала ма?
Академияға бөлінген қаржыны баз біреулер әдейі тоқтатып, жағдайды ушықтыруда. Еліміздегі төрт академияның бірі саналатын, жеткіншектерді аяқдоптың әліппесінен бастап кәсіби деңгейге дейін баулып шығаратын оқу орны - "Алтай" футбол академиясындағы балалардың қысқы уақыттағы жағдайы туралы бұрын да жазған болатынбыз. Енді бұл академияға бөлінген қаржыны баз біреулер әдейі тоқтатып, жағдайды ушықтыруда. Осындай қисынсыз іс-әрекетке енді ата-аналар қарсы шығып, облыс әкімі Даниал Ахметовке...