Дәулет Мамыр: "Егін егу оңай іс емес"
Дәулет Мамыр: «Егін егу оңай іс емес» Ауыл шаруашылығының бірнеше бағыты бар. Солардың бірі - егін шаруашылығы. Соңғы жылдары мемлекет егін шаруашылығына едәуір көңіл бөліп отыр 2022 жылы облысымыздағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 1393,3 мың га құрады. Өткен жылмен салыстырғанда диқандар игеретін алқаптар көлемі биыл 14,6 мың га-ға артты. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын нәтижелі жүргізу үшін ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 6 миллиард теңге субсидия бөлінді. Өз кезегінде...