Өскеменнің Республика алаңында бал фестивалі өтуде
Шығыс Қазақстан облысының әр өңірінің бал шаруашылығы өнімдерінің дәмін көріп, тікелей өндіруші бағасымен сатып алуға болады
Бүгінгі бал жәрмеңкесінде сауда қызу. ҚР Бал ара шаруашылығы палатасының ШҚО бойынша филиалының өкілдері осындай жәрмеңкелерде бал саудасы жақсы жүретінін атап өтті. Тек осындай жәрмеңкелер арқылы ғана шаруалар халыққа өз өнімдерін таныстырып, көрсете алады.
Палатаның ШҚО филиалы өңірдің және Абай облысы ара өсірушілерінің басын біріктірген. Палатаға 80 адам мүше. Бұл жерде оларға субсидия алуға, ара азайып кетпес үшін селекциялық жұмыстар үйретіледі.
Бал құрамындағы микроағзалардың арқасында адам иммунитетін күшейтеді, - деп атап өтті ҚР Бал ара шаруашылығы палатасының ШҚОФ басшысы Геннадий Каллер. - Осыдан 7-8 жылдай бұрын Республика алаңында бұндай бал жәрмеңкесі ұйымдастырылмайтын. Осындай мерекелер кезінде бал жәрмеңкесін дәл осы орталық алаңда өткізген жөн. Біздің халық да дамыған елдер сияқты балды көбірек тұтынуды әдетке айналдыруы керек. Біздің Қазақстанның орталық бөлігіндегі халық балды мүлдем тұтынбайды. Ал ШҚО халқы Қазақстан бойыша бал тұтыну жағынан көш басында.
Ал жәрмеңкеге Катонқарағай ауданынан келген Болат Сапарғалиев таңертеңнен бері тұрғанын айтады. Мұнда өзінің ең жақсы өнімі - әр түрлі шөптердің балын әкелген. Сауда қызып тұрғанын айтады. Оның бал ара шаруашылығымен айналысқанына 30 жылдан асқан. 150 онаурызсы болса, биыл соның 90-ы белсенді жұмыс істеп тұрған көрінеді.
Катонқарағай ауданындағы Алтынбел ауылының таза, тау басынан жиналған түрлі шөп балы мен ара ұясындағы балды алып келдім, - дейді Болат Сапарғалиев. - Онаурызмыз ауылдан 18-20 шақырым жердегі Нарында, тау ішінде. Ауа таза, тау шөптері...