Өскеменнің орталық алаңында қарбыз фестивалі өтті
Фестиваль қатысушылары қарбыздан түрлі мүсіндерді ойып жасаған
Бұнда шығысқазақстандықтар жаз бойы асыға күтетін Үржар және Күршім аудандарында өсірілген қарбыздардың дәмін татты, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Карвинг "ойып жасау" деген мағынаны білдіреді. Яғни, жемістер мен көкөністерден мүсін жасау.
Бүгінгі фестивальге Өскемен қалалық көпсалалы технологиялық колледжінің қызметкерлері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Карвинг те өнердің бір түрі. Шеберлікті, шыдамдылықты, қырағылықты қажет етеді, - дейді колледж оқытушысы Дина Ожиканова. – Біз жұмыстарымызды ҚР Конституциясы күніне орайластырып жасадық. Карвингтің түрлі әдістері мен стилін қолдандық. Тек кесу емес, оюмен, пышақпен, формамен жұмыс жасалды.
Карвингтің шығу тарихын шығыс өнерімен байланыстырады.