Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейдегі қазандықтарды жөндеуге бөлінген қаржы желге ұшты ма?

2022 жылы қаладағы 3 қазандықты жөндеуге 67 млн теңге бөлінген

Усть-Каменогорск и ВКО / Семей / Семейдегі қазандықтарды жөндеуге бөлінген қаржы желге ұшты ма?
Фото:
Устинка LIVE

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті Семей қаласындағы 3 қазандық бойынша 67 млн теңге шығынды анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бюджет қаражаты 2022 жылы қала қазандықтарын жөндеуге бөлінген. Алайда 1934 жылы пайдалануға берілген жылу орталығы тозып, әлі күнге дейін қыста жылу энергиясын қалаға дұрыс жеткізе алмауда, - деп хабарлады агенттік. - Мамандардың айтуынша, жылыту маусымы барысында жылу берудегі ауытқулар орташа есеппен тәулігіне 3 рет тіркеледі.

Жалпы қалада 1 ЖЭО, сондай-ақ 17 қазандық және 72 жылу пункті жұмыс істейді.

Жылу берудегі дәл осындай проблемалар Аягөз және Курчатов қалаларында да бар. Мұнда жылу желілерінің 53% және 35% тозығы жеткен.

Құрылған арнайы комиссия құрамына энергетика және ТКШ басқармасы, ІМАД, ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің департаменті, тұрғын үй инспекциясының мамандары кірді, - делінген хабарламада. - Біреудің мүлкін ұрлау, яғни заңсыз иемдену немесе жымқыру деген күдік бойынша мердігер компанияның директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық іс шеңберінде жылумен жабдықтайтын тағы 14 объектіде тексеру басталды. Бұл нысандарда компания 1,2 млрд теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Сотқа дейінгі тергеу әрекеттерінен соң мердігер Шульбинск кентінде құны 32 млн теңге болатын қазандықтың экономайзерін ауыстырып, іске қосты. Компания былтыр пайдаланылған құрылғыны жаңа құрылғы деп орнатқан болатын.

Нәтижесінде 1,3 мыңнан астам жылумен қамтылуға тиіс абоненттің құқықтары қорғалды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде жылу жүйесіне 8 бюджеттік ұйым, 4 әлеуметтік нысан, 24 коммуналдық кәсіпорын қосылды.

Следующая →