Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Самар жастары жақсылық жасап жарысуда

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан "Қайырымды істер марафоны" Самар ауылында өз жалғасын тапты

Наурыз мерекесі қарсаңында Самар ауылының жастары мен тұрғындары жалғызбасты қарттарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуде.
- "Самар агро-техникалық колледжінің" ұжымы мен студенттері, "Ардагерлерді ардақтайық" акциясы аясында ауылымыздағы тыл ардагерлерінің үй шаруасына көмектесіп, әлеуметтік аз қамытылған отбасыларға азық-түлік тарту етті, - деді Самар ауылдық округі әкімі аппаратының жастар саясаты жөніндегі маманы Ерназар Сауық. 
Оның айтуынша, "Самар орталық мешітінің" ұжымы да ауылдың ерікті жасақтарымен бірге жалғызбасты қарттарға азық-түлік жеткізіп беріпті.
Карантин кезінде көмекке мұқтаж отбасылар ауыл жастарының қол ұшын созғандарына дән риза. 
- Ауылымызда осындай тәрбиелі, мейірімді жас-тар көбейе берсін. Сіздерге алғысым шексіз. Жастар тек Наурыз мерекесінде ғана емес, бұған дейін де талай көмектескен. Сіздердей ұрпақ өсірген ата-аналарыңызға мың алғыс! - дейді ауыл тұрғыны ризашылығын білдіріп.
Следующая →