Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде ақындар айтысы және жыр мүшәйрасы өтті

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесі қарсаңында Тәуелсіздік мерейтойы мен "Нұрлы көш" мемлекеттік бағдарламасының негізінде құрылған Шығыс ауылының 10 жылдығына орай Өскемен қаласында ақындар айтысы мен жыр мүшәйрасы өтті

Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында Өскемен қалалық мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен өткен "Тәуелсіздік - жыр басы" жас ақындар айтысы мен жыр мүшәйрасын халық, карантиндік шектеулерге байланысты, әлеуметтік желідегі ресми парақшалар арқылы онлайн тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Дүбірлі додаға есімдері елге кеңінен танылған ақындармен қатар, жалындаған жастар да қатысты. Бас-аяғы Өскемен мен Семей қалаларынан және Зайсан, Аягөз, Ұлан, Тарбағатай, Көкпекті аудандарынан келген 12 айтыскер ақын мен 10 жазба ақын бақ сынады.
- Бүгінгі додаға қатысушылар - жас айтыскер ақындар мен жазба ақындар. Біз оларға қолдау білдіру мақсатында өңірге танымал қадірлі азаматтарды шақырдық. Кешке ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Тыныштықбек Әбдікәкімов, үш дүркін "Алтын домбыра" жеңімпазы, айтулы айтыскер ақын Мұхтар Ниязво пен жерлес ақын, "Алтын домбыра" иегері Рүстем Қайыртайұлы қонақ болып келді. Сонымен қатар, Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры Шағангүл Алдамжарқызы бар, - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.
Шаһар басшысы айтыс пен мүшәйра қазақ мәдениетінде ерекше орынға ие екенін атап өтті. 
Тартысты өткен ақындар айтысында семейлік Серік Қуанғанның бағы мен бабы қатар шапса, жазба ақындар арасынан Данагүл Исағұл топ жарып шықты.
Жыр мүшәйрасы бойынша 3-орын Естай Жанасбаев, Қызырбек Дүргінбай, Роллан Кеңесхан, 2-орын Жақсылық Асқарбеков, Бағыжан Елсінбек, 1-орын Жасұлан Мақаевқа бұйырды. Ал ақындар арасында жүлделі 3-орынды Өскемен қаласынан Жұлдызай Маратбеков, 2-орынды Зайсан ауданынан келген Ардабек Ақбабаұлы, 1-орынды семейлік Дәурен Сембай иеленді.
Шығыс ауылының тұрғындары "Нұрлы көшті" жырларына арқау еткен жазба және айтыскер екі ақынға арнайы жүлде тағайындапты. Ауылдастардың "50 мың теңге" арнаулы сыйлығы да Серік Қуанғанға және жазба ақындар арасынан Қызырбек Дүргінбайға бұйырды.

Естіліп тұлпарлардың рас дүбірі, 
Ұлықталды ұлтымның дәстүрі ірі.
Қайта түлеп жатқандай 
Талайларды ұшырған тас тұғыры.
Жанымызға батып еді біршама жыл
Рухани шараның тапшылығы.
Қалқаман осы өнерге қалқан болып, 
Заңды ғой бәйге өткізіп, бәс тігуі.
Қала әкімі арнайы қаржы бөліп, 
Тамаша дода қылды жақсы күні.
Жалғасы бола берсін ақындарға 
Жақсылықтың жасаған жақсылығы. 
Серік Қуанған, Бас жүлде иегері
Следующая →