Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Семей қаласындағы кенттердің бірінің тұрғындарына ақыры жарық берілетін болды

Көп ұзамай Семей қаласындағы Ұшақтар кентінің тұрғындары көптен күткен электр қуатына ие болады

Өткен жылдың жазынан бастап мұнда кентті электр жүйесімен жабдықтау бойынша жоба қолға алынып, электр бағаналары орнатылып, сымдары тартылған. Бүгінгі таңда жұмыстардың негізгі бөлігі аяқталды. Тек ШҚ АЭК-мен шарт жасасу ғана қалған.
- Мұнда 28 км әуе желісін, сондай-ақ траншея бойынша 4600 м кабель желісін монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілді. Алдымен трансформаторлар, содан кейін тұрғын үйлер қосылады. Бүгінгі күні мұнда негізгі жұмыстар аяқталды, ШҚ АЭК-мен және кент тұрғындарымен шарт жасасу үшін ТКШ-ға қажетті құжаттарды беру ғана қалды, - дейді құрылыс бөлімінің бас маманы Бағдат Мұқатаев.
Семей қаласының ақпараттық орталығы мәлімдегендей, мердігер ұйым - "ТПЭП" ЖШС (Алматы). Жоба сомасы 617 млн теңгені құрайды.

Барлығы дайын, дегенмен нақты жарық берілетін күн де, ай да аталмады. Ал қанша жыл жарықты сарыла күткен жергілікті тұрғындар осыншама жұмыс атқарылса да сенбейтін сыңайлы.
- Біз, Ұшақтар қалашығының тұрғындары, шыдам бітті, шаршадық. Семей қаласының әкімі Ермак Салимов 28 тамыз деп уәде беріп кетіп еді. Облыстан "Нұр Отаннан” Жәдігер мырза 28 қыркүйек деп еді. Бәрі дайын тұр, балалардың оқуына обал болды, қосыңыздаршы, - дейді тұрғындардың бірі.
Следующая →