Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Айсулу Мухамедкалиева
Ақпарат көзі:
Устинка

ҚР студенттерін білім грантын жұмыс істеп өтеуге міндеттеуі мүмкін

Мәжлісімендер білім беру бойынша заң жобасына енгізілген өзгерістерді мақұлдады. Енді мемлекеттік грантта білім алған түлектерге оны өтек шарттары өзгеруі мүмкін

Депутат Әбдіманап Бектұрғановтың айтуынша, заң жобасы аясында бірнеше өзекті мәселені шешу жоспарланып отыр. Мәселен, бүгінде қосарлы оқытуға (дуальное обучение) қатысты құқықтық коллизия бар. Еңбек кодексінде қосарлы оқыту жүйесімен білім алатындардың өндірістік оқу мен кәсіби іс-тәжірибеден өту уақыты еңбек өтілі ретінде есептеледі. Алайда тура осы кодексте еңбек өтілін растайтын құжаттар тізбесінде қосарлы оқыту туралы келісімшарт көрсетілмеген.

- Іс жүзінде осы коллизияға байланысты жұмыс берушілер қосарлы оқыту шарты негізінде өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңін есепке алмай отырады, - дейді Бектұрғанов.

Бұдан бөлек, жаңа заң жобасы аясында техникалық және кәсіптік мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыс беру қағидаларын бекіту жоспарланған. Атап айтқанда, мемлекеттік тапсырыс жұмыспен қамту органдары мен кәсіпкерлік палаталарының ұсыныстары негізінде жасалады. Ал ең бастысы, әрбір өңірдің еңбек нарығындағы сұраныс ескерілуі шарт.

- Ал жоғары оқу орындарына берілетін мемлекеттік тапсырыста оқу ұзақтығына қарай кәсіби түрде еңбекпен өтеу мерзімін белгілеу ұсынылады. Осылайша, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған азаматтар бүкіл кезеңде барлық үш жылды да жұмыспен өтейтін болады. Ал басында ақылы негізде оқып, артынан грантқа ауысқандар, я болмаса, керісінше, алдымен грантта, одан кейін ақылы жүйеге ауысып кеткендер пропорционалды түрде өтейді, - деп түсіндірді Бектұрғанов.

Следующая →