Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Мамандар Шығыс Қазақстанның демалыс аймақтарын тексерді

Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 11 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

"Таза Қазақстан" ауқымды акциясы аясында экологтар, әкімдік мамандары, құтқарушылар мен еріктілер су айдындарын тазартуға кірісті.

Сарапшылар Сібе, Дулығалы, Айыр, Алакөл, Шошқалы және Үлкен Өзен, Шыбындыкөл демалыс базасын, Ертіс пен Үлбі жағалауындағы аймақтарды, Шүлбі мен Бұқтырма су қоймаларын, сондай-ақ Өскемен шекарасындағы демалыс аймақтарын тексерді. Тексеріс барысында ШҚО Экология басқармасының қызметкерлері демалушыларға қалдықтарды қалай дұрыс жою керектігін түсіндірді. Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары - судағы қауіпсіздік ережелерін, ал жергілікті полиция қызметкерлері әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартатындарын еске түсірді.
- Тәртіп сақшылары абаттандыру ережелерін, тыйым салынған жерде шомылу және алкогольдік ішімдіктерді ішу ережелерін бұзғаны үшін 11 адамды жалпы құны 20835 теңге болатын әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деді ШҚО Экология басқармасының баспасөз қызметі. - Біз жергілікті атқарушы органдарға қоқыс тастауға рұқсат етілмеген жерлерді жоюды, жағажайларға контейнерлер орнатуды, демалушылар арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу және түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсындық.

Следующая →