Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Алтайда жеті жастағы бала жоғалып кеткеніне екінші күн

Алдын ала болжам бойынша бала психикалық дертке шалдыққан 20 жастағы жігітпен кеткен

Үрей тудырар хабар Алтай ауданына санаулы сағатта жайылып үлгерді. Аудан орталығына жақын маңдағы Зубовск ауылында енді ғана жасы жетіге толған ұл бала із-түссіз жоғалып кетті. Эдуард Жилиев үй маңында велосипед теуіп жүргендігін айтады соңғы рет көргендер. Бірақ ойын баласы кешкісін үйіне қайтпағандықтан ата-анасы дабыл қаққан. Түнімен жүргізілген іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Кенттің айналасы көкорай шалғын, жақын маңда өзен ағып жатыр, жыра мен каналдар бар. Алтай қаласынан Зубовск кентіне дейінгі жол көлікпен 10 минуттық жер.

Кентке кірер жолда полиция экипажы кезекшілік етуде. Айналаны шолып адамдар жүр.

Еріктілер жиналатын орын – кент әкімдігі. Бұнда кент әкімі Владимир Морозов еріктілер мен мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын үйлестіріп, баланы іздеуге көмектесуге келгендердің әрекеттерін ұйымдастырып жүр. Кенттің тау, тал, қалың жыңғыл ортасында орналасқандығы іздеу жұмыстарын қиындатып жіберді.

- Эдуард Жилиев кеше кешкі уақытта жоғалып кеткен, - дейді кент әкімі. – Велосипед теуіп ойнап жзүрген баланың қайда жоғалып кеткені белгісіз. ІІАБ жеке құрамы жұмылдырылды, 150 ерікті іздеу жүргізіп жатыр. Соңғы рет баланы ауыл тұрғыны Алексей Афанасьевпен көргендер бар.

Алексей 20-да. Кішкентай Эдик оны жақсы танитын көрінеді. Өйткені көрші тұрған екен. Бірақ Алексейдің ата-анасы ауылдың екінші шетіне көшіп кеткен. Жилиевтерге көрші тұрған үйлері бос қалған.

- Баланы отбасы – көпбалалы. Ата-анасының бес баласы бар, - дейді кент әкімі Владимир Владимирович.

Мұны жергілікті мектеп қызметкерлері де растап отыр. Мектеп қызметкерлері де баланы іздеуге шыққан.

- Эдик биыл 1-сыныпқа барады, оған дейін даярлық сыныбына барып жүрген. Кеше кешке ата-анасы іздеу салып, кейін полицияға хабар берген, - дейді Зубовск кентінің тұрғыны Светлана Юдина. – Іздеу оңай емес. Көшелерді, өзен жағасын, саяжайларды да қарадық.

Эдикпен бірге 20 жастағы Алексейді де іздеп жатыр. Жігіт үйден оқыса да педагогтар оны да жақсы таниды.

- Оның психикалық дерті бар болғандықтан, тіркеуде тұр. Оқып жүрген кезде одан ешқандай агрессия байқалмайтын. Бірақ жиі қаңғып кететін, қалаға кетіп қалатын, - дейді жергілікті тұрғын.

Жеті жастағы Эдиктің үш ағасы, әпкесі мен бауыры бар. Соңғы рет баланы әпкелері көрген. Ата-анасы мен полиция Эдиктің Алексеймен кеткенін қыздардың сөзінен аңғарған.

- Леша анасымен сөзге келіспей қалып, осында шарбақты сырлауға келген екен. Эдик соның қасында жүрген, - дейді баланың анасы Ирина Жилиева. – Қыздарым Алексей ұлымды бір жерге шақырғанын, Эдиктің бірге еріп кеткенін айтады. Бірақ қайда кенткенін білмейді.

Лешаның бұл маңайға жиі келіп жүретінін жарыса айтады қыздар. Ол кішкентай Эдикке өзімен бірге бір жерге барып, түнімен қалуға қорықпайтын болса, 20 мың теңге беремін уәде еткен екен. Қыздар бауырын үйге шақырса да Эдик тыңдамаған екен.

- Ұлым қараңғыдан қорқады. Уақтылы үйге оралатын, - дейді Ирина. – Алексейдің де оғаш қылығын байқамаппын. Әрқашан өзінің кішкентай бауырларын ойнатып жүретін. Бірақ сол күні мас еді. Оның мас болғанын барлығы көрген, осы үшін қорқамын. Алексей жаяу Зырянға да, Тұрғысынға да кетіп қалатын.

Еріктілер Алексей баруы мүмкін жерлердің барлығын жіті тінтіп жатыр. Құтқарушылар қараусыз үйлерді, құдықтарды қарап шықты. Төңіректі түгел шарлап, іздеу жұмыстары жалғасуда. Кішкентай Эдик аман-сау табылады деген үміт бар...





Следующая →