Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

COVID-19-ге қарсы антиденесі бар плазма үшін 20 000 теңге көлемінде сыйақы беріледі

Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлері коронавирус инфекциясынан жазылған науқастардан иммундық плазма тапсыруларын сұрайды

Иммундық плазманы құю ауыр науқастарды емдеуде иммунитетті көтеру мақсатында қолданылады. Оны жасанды жолмен алу мүмкін емес. Тек COVID-19 антиденелері бар сауыққан адам ғана плазма доноры бола алады. Бүгінгі таңда донордың иммундық плазмасымен емдеу денсаулық сақтау министрлігі тарапынан мақұлданған және короновирустық инфекциямен ауырған науқастарды емдеудің клиникалық хаттамасымен бекітілген. Дәрігерлер иммундық плазмамен емдеуді , өзге де емдеу әдістерімен бірге қолдануға болатындығын айтады.

Қан құрамынан антидене табылған бір адам ауыр хәлде жатқан екі адамның өміріне араша түсе алады. Аппаратты плазмаферез әдісі арқылы тапсыру қауіпсіз әрі ауырмайды. КВИ-ден жазылып шаққанына екі апта өткен кез келген кәмелеттік жасқа толған адам донор бола алады.

Дәрігерлерге көмектесіп, плазма тапсыру үшін өзіңіздің тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша дәргерлік-отбасылық амбулаторияға барып тест тапсырасыз. Осыдан кейін Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығынан тексерістен өтесіз, бірқатар талдама тапсырасыз. Егер барлық талдама нәтижесі оң болған жағдайда донор плазма тапсыруға жіберіледі. Ал ол үшін 7 АЕК немесе 19 446 теңге көлемінде сыйақы да беріледі.

ШҚО Қан орталығының телефоны: : 8-(7232)-70 38-38 и 8-705-752-09-64.
Следующая →