Өскеменде полицейлер жанып жатқан пәтерден ер адамды құтқарып қалды
Зардап шеккен адам Бажов көшесіндегі үйдің төртінші қабатында тілсіз жау мен түтіннің торына түскен
Бүгін түнгі сағат екіде 101 құтқару қызметінің телефонына төрт қабатты үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін жақын маңда қызмет атқарып жүрген полиция лейтенанты Евгений Лукьянов пен Саят Бердібаев 63 жастағы ер адамды құтқарды.
Полиция лейтенанттары пайымдағандай, олар үйдің өртке оранғандығын байқап, дереу төртінші қабатқа көтеріліп, есікті бұзып кірген және үйдің ішінен ер адамды сыртқа шығарған.
- Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы көмек көрсетіп, улы газбен уланған ер адамды облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа 3 дәрежелі күйікпен ауруханаға жатқызды, - деп хабарлады Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз қызметі.
Өрт орнына келген өрт сөндірушілер екі шаршы метр алаңда жанып кеткен отты сөндірді.
Следующая →