Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
495.2
-2.06
522.34
-2.87
¥
68.34
-0.35
4.94
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Қымбат Слямбеков
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Алакөлге қашан ғаламтор тартылады?

Өңір жұртшылығы демалып қайтуға көп баратын көлдердің маңайына келесі жылдан бастап ғаламтор желілері тартыла бастамақ. Ал интернет тартылған соң, ғаламтор арқылы-ақ қонақ үйлер мен демалыс үйлеріне тапсырыс беруге болады

Бұқтырма, Сібе және Алакөлдегі демалыс базаларының таудың етегінде, әлемтор істемейтін жерде жатқаны белгілі. Өңір әкімдігі шалғайдағы туристік сервисті жақсарту үшін ғаламтор желісін орнатуға мән бере бастады. Алайда шығыны көп болғандықтан, кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Алдымен келушісі көп Алакөлге интернет тартылады. 
- Биыл қараша айынан бастап Алакөлге оптикалық талшықты қабель тарту жұмыстары басталады. Ал келесі жылы бұл маңда жылдамдығы жоғары интернет желісі толық қосылып бітеді деп жоспарлап отырмыз, - дейді облысық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов.
Ал әзірше өңірдің көрікті жерлеріне демалуға барғысы келген жұртшылық Toureast.kz сайтына еніп, содан маршрут таңдай алады. Бұл жерде Алакөл мен Бұқтырмадағы демалыс үйлері жайлы ақпараттар да бар. 

Ғаламтор желісі тартылса, аймаққа келетін шетелдік туристердің де санын көбейтуге мүмкіндік тумақ. Қазіргі уақытта өңірге келетін туристердің 95%-ы - қазақстандық азаматтар. 
- Ішкі нарықты да игеру үшін үлкен жұмыс жасау керек. Қазір елдің батыс өңірлерінен турист тартуға тырысып жатырмыз, - дейді Марат Саятұлы.
Ал Алакөл мен Бұқтырмаға келетіндердің көбі, Туризм басқармасының зерттеулеріне сенсек, 25 пен 35 жас аралығындағы жастар екен. Соған орай, алдағы уақытта ұйымдастырылатын мерекелік шаралар да жастарға қарай бағытталмақ. 
Следующая →
Тақырыптар: Алакөл Ғаламтор 2019 жыл